Магниттік күшейткіш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Магниттік күшейткіш

Магниттік күшейткіш — қуаты біршама үлкен айнымалы токты қуаты шағын тұрақты токпен (немесе басқа жиіліктегі айнымалы токпен) басқаруға арналған электрмагнитті аппарат. Магниттік күшейткіштің әсері ферромагниттік материалдардың сызықтық емес сипаттамаларына негізделген. Магниттік күшейткіш өзекшесіне тұрақты (басқару орамдары) және айнымалы (бірінші реттік орамдары) ток орамдары оралады. Тұрақты ток қуатындағы аздаған өзгеріс айнымалы ток қуатында едәуір өзгеріс тудырады. Магниттік күшейткіштің айрықша ерекшелігі — күшейтілетін қуат диапазонының кеңдігі (Вт-тың бірнеше үлесінен бірнеше кВт-қа дейін), пайдалану кезіндегі сипаттамаларының сенімділігі, қарапайымдылығы және тұрақтылығы, сонымен қатар өрт пен жарылысқа қауіпсіздігі. Магниттік күшейткіш автоматты бақылау, реттеу және басқару жүйелерінде пайдаланылады.

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Магниттік күшейткіш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}