Маастрихт шарты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маастрихт шарты<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>– Еуропа қоғамдастығын (ЕІ) құру туралы шарт.

Толығырақ

1993 жылы 1 қарашада күшіне енді. Ол Еуропа мемлекеттерінің валюталарды біріктіру саласындағы көп жылғы күш-жігерінің қисынды жалғасы болды және 1989 жылғы наурыздан жұмыс істеген Еуропалық валюта жүйесіне сүйенді. 1985 жылы ЕІ-ға мүше елдер бірыңғай еур. акт қабылдады, онда 1992 жылдың аяғына дейін тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдардың, жұмыс күшінің бірыңғай нарығын құру көзделді. Оны қалыптастыру толымды валюталық одақ құрғанда тиімді нәтиже беретінін көрсетті, олар 1988 жылы шілдедегі Еуро кеңесте экон. және валюталық одақты кезең-кезеңмен қалыптастыру жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылдады. Одақ туралы шартты әзірлеу үшін үкіметаралық конференция шақырылды, ол бірыңғай валютаны енгізу және бірыңғай банк құру үшін қажетті өзгерістер енгізуге өкілеттігі бар бірден-бір орган болды. ЕІ-да өткен пікірсайыстарға орай валюталық-экономикалық одақ туралы шартты әзірлеу жұмысымен қатар саяси одақ туралы шарт жасасу үшін екінші үкіметаралық конференция шақыру ұйғарылды. Нәтижесінде Маастрихте (Нидерланд) 1991 жылы 9 – 11 желтоқсанда, 1992 жылы 7 ақпанда Еуропа қоғамдастығын құру туралы Шарт қабылданды. Маастрихт шарты Еуропа экон. қоғамдастығын құру туралы 1957 жылы Рим шартына енгізілген түзетулер мен толықтырулар болып табылады. Атап айтқанда, Рим шартының едәуір бөлігі “редакцияланды” және “Еуропа экономикалық қоғамдастығы” деген термин барлық жерде “Еуропа қоғамдастығы” деген терминмен ауыстырылды. Әйтсе де Маастрихт шарты бекітілуіне байланысты ЕІ 1993 жылы 1 қарашадан бастап ресми түрде Еуро Одақ деп аталғанымен, “қоғамдастық” деген термин бұрынғыша сақталып келе жатқанын айта кету керек.

Үш тірек

Еуро Одақ Маастрихт шартына сәйкес үш “тірекке” сүйенеді. Олар: экономикалық және валюталық одақ (ұлттан тыс реттеу нышандары да бар); жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы саясат (үкіметаралық ынтымақтастық тетігіне негізделеді); ішкі істер мен әділет мәселелеріндегі үйлестірушілік. 1996 – 97 жылдары Амстердамда (Амстердам шарты, 1997 жылы 2 қазанда қол қойылды, 1999 жылы 1 мамырдан күшіне енді) және 2000 жылы Ниццеде (Ницце шарты, 2001 жылы 26 ақпанда қол қойылды) өткен үкіметаралық конференцияларда ЕІ-ның құрылымына қосымша өзгерістер енгізілді.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Economy-stub

be:Маастрыхцкая дамова de:Vertrag über die Europäische Union