Ләйла Ахметова
Үлгі:Ғалым Ләйлә Ахметова Сейсембекқызы (12.2.1954. Алматы) — журналист, ғалым.<ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. ҚазМУ-ді бітірген (1976). Журналистика саласын зерттеуші. 1976-78 жылдар ҚазМУ-дің телерадиожурналистика кафедрасының ассистенті, 1978- 82 жылдары кафедра аспиранты. Қызметті белсенді қоғамдық жұмыспен ұштастырды.
1981- 85 жылдары ҚазМУ студенттері кәсіподағының төрайымы. 1985-93 жылдары халықаралық журналистика кафедрасының доценті. 1993-2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің қызметкерлері кәсіподағының төрайымы, 2000-2001жылдары ҚазҰУ-дің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, 2001-2005 жылдары БАҚ менеджменті және жарнамасы кафедрасының меңгерушісі, 2005 жылы бастап журналистика тарихы кафедрасының профессоры 2009 жылы ҚазҰУ-дің журналистика факультінің жанындағы ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі.
Университтегі қызметі кезінде жалпы және арнаулы курстарға, оның ішінде "Журналистика қоғамның саяси құрылымында", "Журналистика және конфликтология", "Журналистика және менеджмент", "Журналистика және экология" т.б. лекциялар дайындап, оқыды. Ахметова 80-нен астам ғылыми жарияланымы (соның ішінде шетелдерде де), 10 кітабы, 4 кітапшасы, 5 әдістемелік құралы бар. Тарих ғылымының докторы (1998)., профессор (1999). 1998 жылы "Қазақстандықтарды 1946- 91 жылдары кеңестік бұйрықты - әкімшілік жүйесі жағдайында патриоттық тәрбиелеу мәселелері (БАҚ материалдары бойынша)" деген тақырыпта докторлық диссертаия қорғады. Қазақстан БАҚ-қа белсенді қатысады, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.
Негізгі жарияланымдар
- Сайлау кезіндегі БАҚ-ты бағалау мен мониторинг. - Алматы, Нұр, 2003. - 235 бет.<ref>Сайлау кезіндегі БАҚ-ты бағалау мен мониторинг. / Проект жетекшісіжәне бас редактор ө профессор Ләйлә Ахметова - Алматы, Нұр, 2003. - 235 бет. ISBN 9965-12-458-2</ref>
- Жүрек жадында: Жинақ. - Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 190 бет.<ref>Ахметова Л. Жүрек жадында: Жинақ. - Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 190 бет. ISBN 9965-12-809-X</ref>
- Алматы - мен тұратын қала. - 2010. - 219 бет.<ref>Akhmetova, Laĭla., Ахметова, Лайла. Almaty--men tūratyn qala = Almaty--gorod, v kotorom i︠a︡ zhivu. — Almaty: [publisher not identified], 2010. — 219 pages с. — ISBN 9965-23-201-6, 978-9965-23-201-5.</ref>
- Азаматтық қоғам терминдерінің орысша-қазақша сөздігі - Алматы, 2007. - 154 бет.<ref>Азаматтық қоғам терминдерінің орысша-қазақша сөздігі - Алматы, "Искандер", 2007. - 154 бет.</ref>
- Қоғамдық ұйымдардың қызметің жариялаудағы БАҚ-тың ролі: оқу-әдістемелік құрал. - Алматы. 2011. - 116 бет.<ref>Қоғамдық ұйымдардың қызметің жариялаудағы БАҚ-тың ролі: оқу-әдістемелік құрал / Ахметова Л.С. және басқалар: ауд.: Сыдықова Д.О. - Алматы. 2011. - 116 бет. ISBN 9965-23-311-Х</ref>
- Қаһарлы 1941. Тарихшылардың ой толғауы. (Яростный 1941. Размышления историков) - Алматы, 2011. Авторлармен Григорьев В. К.<ref>https://www.inform.kz/kz/astanada-kaharly-1941-tarihshylardyn-oy-tolgauy-kitabynyn-tusauy-kesildi_a2377016</ref>
- Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні. (Панфиловцы. 60 дней подвига) - Алматы, 2013. Авторлармен Григорьев В. К.<ref>https://www.astana-akshamy.kz/panfilovshylar-turaly-zhanga-kitaptyng-t/ Үлгі:Webarchive</ref><ref>http://jurfak.kz/archives/1342 Үлгі:Webarchive</ref>
- 1941. Брест қамалы. Қазақстан. (1941. Брестская крепость. Казахстан) - Алматы. 2016.<ref>http://e-lib.semgu.kz/index.php/kz/janaliktar/475-l-jla-akhmetova-1941-brest-amaly-aza-stan-kitabyny-t-saukeseriҮлгі:Deadlink</ref><ref>https://www.inform.kz/kz/almatyda-1941-brest-kamaly-kazakstan-kitaby-okyrmanga-zhol-tartty-foto_a2917398</ref>
- Медиа- және ақпараттық сауаттылық. Орысша-қазақша сөздік. - Алматы: Қазақ университеті.- 2019. - 274 бет.<ref>Медиа- және ақпараттық сауаттылық. Орысша-қазақша сөздік. / сост.: Л.С. Ахметова, А.В. Веревкин, А.А. Кудабай, Т.Ю. Лифанова, Д.П. Шорохов - Алматы: Қазақ университеті.- 2019. - 274 бет. ISBN 978-601-04-3976-4</ref>