Лұқпан Хакім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лұқпан Хакім

Лұқпан Хакім— шығыс халықтарының фольклорында кездесетін көркем бейне. Қазақ, өзбек, түрікмен, т.б. халықтар ертегілері мен хикаяттарында Лұқпан Хакім бейнесі жан-жақты сипатталған. Көп ізденіп, терең білім алған ол халқының қамқоршысы, әділетті, шындықты жақтап өткен жан ретінде айтылады. Лұқпан Хакім жайлы ел арасына тараған аңыздар Жиренше шешен мен Қарашаш жайлы аңыздарға өте ұқсас. Ел арасында “Лұқпан хакім мың жасапты” деген аңыз бар. Осыған орай Лұқпан Хакімнің берген жауабында: “Жақсы жандармен дидарласып, сұхбаттасқанда жасыма жас қосылады” депті. Гректің атақты мысалшысы Эзоптың Сирияда араб тіліне аударылған (12 ғ.) қырыққа жуық мысалы Лұқпан Хакім атына қатысты тараған. Түркі халықтарының ертедегі аңыздарында Лұқпан Хакім Ескендір Зұлқарнайынның кеңесшісі әрі дәрігері деп те айтылады. Шығыс аңыздарында Лұқпан Хакім бірде Йемен патшасы, кейде әулие деп аталса, енді бірде абиссиниялық құл деп айтылады. Орта ғасырдағы араб оқымыстылары Лұқпан Хакім тарихта болған адам деп жазады. Құран Кәрімнің 31-сүресі “Лұқман сүресі” деп аталған. Онда Лұқпан Хакімге шүкіршілік ету үшін даналық берілгендігі, оның пайғамбар емес дәрігер екендігі, сондай-ақ Лұқпан Хакімнің ұлына айтқан өсиеті баяндалған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Лұқпан Хакім|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}