Луи Филипп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Луи Филипп (1773 жыл 16 қазан, Париж - 1850 жыл 26 тамыз, Клэрмонт, Ұлыбритания) - Бурбондар әулетінен шыққан король.

Өмірбаяны

Ұлы француз революциясы кезінде әкесімен бірге герцог атағынан бас тартып, Эгалите деген фамилияны қабылдады. 1792 жылы француз революциялық әскерлерінің құрамында Вальма және Жемапа түбіндегі шайқастарға қатысты. 1793 жылы австриялықтар жағына шығып кетті. 1814 жылға дейін Еуропаның бірқатар елдерінде, АҚШ-та эмиграцияда болды. Шілде революциясы кезінде (1830) өз жақтастарының қолдауымен король болып жарияланды. Ол буржуазия мүддесін көздеді. Ақпан революциясы (1848) күндерінде тақтан тайдырылды да, Ұлыбританияға қашып кетті.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>