Луи Арагон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Portrait Aragon.jpg
Луи Арагон

Луи Арагон (3.10.1887, Париж — 10.6.1982, сонда) — француз жазушысы.

Лицейде, кейін Париж медициналық институтында оқыған (1915). Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1917). 20-жылдары дадаизм, сюрреализм ықпалында болды. Алғашқы өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамды сынап, оны өзгертуді армандады. Шығармалары 1917 жылдан жариялана бастады.

  • “Фейерверк” (1920),
  • ' “Ура, Орал!” (1934),
  • '“Жүректегі қанжар” (1934),
  • '“Эльзаның жанары” (1942),
  • '“Паноптикум” (1943),
  • '“Француз шапағы” (1945) өлең жинақтары, көптеген поэмалары
  • “Қызыл майдан”,
  • '“Аяқталмаған роман”,
  • '“Эльзаға”,
  • '“Ақындар”,
  • '“Эльзаның Мәжнүні”,
  • '“Париж шаруасы” (1926),
  • '“Нақты әлем” романдар топтамасы (1-6 т., 1949 — 51),
  • '“Шынымен күйреу” (1958),
  • '“Бланш немесе Ұмыту” (1967),
  • '“Театр-роман” т.б. романдары, сондай-ақ, көптеген әңгімелер, публицистік шығармалар жинағы жарық көрген.

Жазушының эстет. позициясы “Нақты дүние” романдар топтамасынан айқын көрініс тапты. “Кеңес әдебиеті” кітабында (1955) Абай, М.Әуезов, С.Мұқанов сияқты қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығына жоғары баға берді. Соның ішінде, М.Әуезовтің “Абай” романын 20 ғасырдың ең үздік туындыларының бірі деп таныды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}