Ломоносов жотасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ломоносов жотасы
Ломоносов жотасы, Солтүстік Мұзды мұхиттағы су асты жотасы.
- Жаңа Сібір аралынан мұхиттың орталық бөлігі арқылы Канада Арктика топаралының Элсмир аралына дейін 1800 км-ге созылып жатыр.
- Ені - 60 — 200 км.
- Мұхит түбінен - 3300 — 3700 м-ге дейін көтеріледі.
- Теңіз деңгейінен ең биік жотасы - 900 м-дей.
- Беткейлері салыстырмалы түрде тік, каньондары көп, құмдауыт тұнбалармен жабылған.
Ломоносов жотасын 1948 ж. кеңестік ғылыми-зерттеу экспедициясын ашты. М.В. Ломоносов құрметіне аталған.