Ли Хам Дек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЛИ Хам Дек<ref name="source1">Қазақ Ұлттық Энцилопедиясы</ref> (3.3.1914, Ресей, Приморье өлкесі, Находка қаласы — 23.12.2001, Алматы) — әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1962). 1934 жылдан Қазақстандағы Корей музыкалы комедия театрының актерлік труппасында қызмет етті. Катерина (А.Н. Островский, “Найзағай”), Дездомона (У.Шекспир, “Отелло”), Панова (К.А. Тренев, “Любовь Яровая”), т.б. басты рөлдерді орындады. Корей ұлттық драмаларында Сен Чен (Цой Ен, “Сен Чен”), Хын Будың зайыбы (Тхай Дян Чен, “Хын Бумен Норбу”), т.б. рөлдерді ойнап, аналар бейнесін сомдады. Ал Баян (ұ.Мүсірепов, .“Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), Еңлік (М.Әуезов, “Еңлік — Кебек”) рөлдерінде актрисаның табиғи дарыны сан қырынан ашылды. Ли “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ли Хам Дек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}