Лингвистикалық әдістер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лингвистикалық әдістер - тіл білімі қолданылымын зерттеу амал-тәсілдерінің жүйесі. Қазіргі таңда тіл білімі дербес өрбіген ғылым ретінде өз тәсіл-әдістеріне кең өpic ашты (белгілі бағытпен тілдің мәселелерін зерттеп, тіл-тілдегі құбылыстардың өзіндік заңдылықтарын айқындау; белгісіз сырларын, өзгерістерін дәл анықтау, ашу т. б.) Лингвистикалық әдістердің жалпы және жеке түрлері ажыратылады. Жалпы лингвистикалық әдістер тілдің теориялық зерттеу тәсілі мен әдістерінің жиынтығын құрайды. Олар белгілі бір лингвистикалық теория мен ортақ әдістемеге сүйенеді (мысалы, салыстырмалы-тарихи әдіс, сипаттама әдісі). Жеке лингвистикалық әдістер тіл аспектілерін зерттеуде белгілі бір теориялық қондырғыларға сүйенетін жекеленген тәсілдер, әдістемелер мен операциялардың жиынтығын құрайды. Олар көмекші техникикалық құрал, аспап ретінде қолданылады (мысалы, компонентті талдау, статистикалық талдау, эксперимент т. б.).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}