Лингвистикалық атлас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лингвистикалық атлас — лингвистикалық география әдісімен құрастырылған карталардың қамтитын объектісі мен тақырып ыңғайына қарай басы бір жерге біріктірілген жинағы (лингвистикалық карталардың жинағы), лингвистикалық карталар сериясы. Географиялық жағынан алғанда лингвистикалық атлас нақтылы бір тілдің өз ішіндегі диалектілерін, сондай-ақ тектес, тектес емес тілдердің тобын қамтуы да мүмкін. Осыған сәйкес лингвистикалық атластың диалектологиялық атлас, тектес тілдердің атласы, аймақтық диалектологиялық атлас сияқты түрлері болады. Лингвистикалық атлас түзу тәжірибесінің ғылымға енгеніне көп болған жоқ. "Францияның лингвистикалық атласы" деген атпен тұңғыш ұлттық атласты құрастырғандар - Жильерон мен Эдмон. Кейін "Жалпы славян тілдерінің лингвистикалық атласы", "КСРО-дағы түркі тілдердің диалектологиялық атласы" секілді бірнеше атлас дүниеге келді. Қазір "Европаның лингвистикалық атласына" деректер жиналып жатыр. Жайықтың батыс бетіндегі қазақтардың тілі де осы атласта қамтылатын болғандықтан, бұған қазақ тілінің мамандары да қатысып отыр.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}