Лиманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лиманов Есенғали<ref name="source1">Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref> (25.8. 1930, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Балуан ауылы — 6.3.1992, Алматы) — геолог-ғалым, техника ғылымдарының докторы (1975), профессор (1976), Қазақстан Республикасының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері (1991). Мәскеу Геологиялық барлау институтын бітірген (1953). Лисаков, Адай темір кенінде және Алакөл титан кен орнында (1953 — 56), Қазақ КСР Геология минстрлігінде (1956 — 60), Қазақ минералды шикізат ғылыми-зерттеу институтында (1960 — 67), 1967 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ политехникалық институтында қызмет атқарған. ғылыми жұмыстарының бағыты ұңғымаларды бағыттап бұрғылаудың теориясы мен практикасына және бұрғылаудың тиімді әдістерін жасап, өндіріске енгізуге арналған. Лимановтың ғылыми басшылығымен қойтасты-малтатасты түзілімдердің өнімділігін 12 — 15 есе арттыруға бағытталған пневмосоққылы бұрғылау жасалған. 200-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 19 монографияның, 38 авторлық куәліктің, 3 патенттің авторы. “Қазан төңкерісі”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Шығармалары

Направленное бурение разведочных скважин, М., 1978 (соавтор); Направленное бурение — новый способ разведки месторождений полезных ископаемых, А.-А., 1984; Направленное бурение гидроударными машинами, А.-А., 1990.

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Лиманов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}