Ликвордың қасиеті мен құрамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пункция арқылы алынған цереброспинальды сұйықтық яғни мамбальды ликвор – қалыпты жағдайда мөлдір, түссіз, тұрақты салмағы 1.006-1.007, вентрикулярлы ликвор – 1,002- 1,004. Цереброспинальды сұйықтықтың тұтқырлығы қалыпты жағдайда 1,01-ден 1,06-ға дейін өзгеріп отырады. Ликвор әлсіз сілтілі реакция: ph 7,4-7,6.

Цереброспинальды сұйықтық қан сары суымен химиялық құрамы ұқсас болып келеді: 89-90%-су, 10-15% құрғақ зат, ол ми метаболизмге қатысады. Цереброспинальды сұйықтықтағы органикалық заттар: ақуыздар, аминқышқылдары, көмірсулар, гликопротеидтер және липопротеид. Органикалық емес: фосфор және микроэлементтер. Цереброспинальды сұйықтықта қан сарысуымен салыстырғанда хлоридтер магний жоғары, бірақ глюкоза, калий, кальций, мочевина аз. Қанттың махсимум мөлшері вентрикуларлы цереброспинальды сұйықтықта бар, аз мөлшері жұлынның субарахноидальды қабатында болады. Қанттың 90%-ін глюкоза, 10%-ін декстроза құрайды.

Қалыпты жағдайда клеткалардың саны (цитоз) 3-4 1мкл аспайды, ол лифоциттер, арахноэндотелий клеткалары, ми қарыншаларының эпеидимасы, полибласттар (бос макрофагтар) Науқас бір бүиірімен жатқанда жұлын – ми өзегіндегі ликвор қысымы 100-180 мл –ді құрайды, отырғанда 250-300 мм суб жоғары. Балаларда цереброспинальды сұйықтың қысымы ересектермен салыстырғанда төмен. Қалыпты жағдайда ликвордың биохимиялық көрсеткіштері ликвор түзілуші 1-ші механизімі: безді клеткалардың белсенді секреция жолы арқылы ми қарыншаларының тамырлы өрімімдерінен түзіледі.Ми қарыншаларында орналасқан тамырлы өрім мидың жұмсақ қабатының туындысы болып табылады.