Лиза Ибәтоллақызы Калимова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Лиза Ибәтоллақызы Калимова1949 жылы 18 қаңтарда Гурьев облысы Индер ауданында туған. Әкесі - Шәмшенов Ибатолла (1925-1997), мал дәрігері болған. Анасы - Қобдашева Ақбалым (1928-1994), үй шаруасымен айналысқан.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсүрет училищесін бітірген (1971), суретші-оқытушы.

Маталар мен жұмсақ бұйымдарға салатын суретші-қалпына келтіруші, кескіндемеші.

Аппликация тәсілімен жасалған сәндік және қолданбалы өнер туындыларының: «Қазақстан», «Қызыл-Күле», «Қонақжайлылық» гобелендерінің, тері және киіз, жүн, кестеден жасалған паннолардың авторы. Әртүрлі түкті және үксіз кілемдерді, алашаларды, тұскиіздерді, басқұрларды, киіз және тоқыма бұйымдарын (олардың қатарында XIX асырдан жеткен, айдаһарлардың бейнеленуімен алтын жіптермен тігілген қытайдың жібек халаты бар) қайта қалпына келтірген. Халықаралық мемлекеттік көрмелердің қатысушысы Франция, Италия, Түркия, АҚШ, Иран және т.б.).

Жұмыстары Орталық мемлекеттік мұражайда, Президенттік орталықта, «Ақ Орда» ҚР Президентінің резиденциясында және шетелдің жеке коллекцияларында сақталуда; оңтүстік астананың ірі мейманханаларының интерьерлеріне сән беріп тұр.

1978 жылдан бері - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының мата және жұмсақ бұйымдарының суретші-реставраторы.

«Құрмет» (2009) орденімен, Францияның алтын медалімен (1990), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001), ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

Мәдениет қайраткері (2001). «Жігер» фестивалінің лауреаты.

Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ә. Кекілбаев, И. Тасмағамбетов. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның өркендеуі». Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия.

Жесір. Жұбайы - Калимов Мұхит Ғалымұлы, марқұм, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор болған. Қыздары - Калимова-Қастеева Дәрия Қалиқызы (1971 жылы туған), Калимова Толқын (1973 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub