Лидия Демьяновна Чернышева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лидия Демьяновна Чернышева (23 мамыр, 1912, Запорожье облысы Бердянск қаласы — 23 қыркүйек, 1975, Симферополь қаласы) — хореограф, биші, Қазақ КСР-інің (1957) және КСРО-ның (1967) халық артисі.

Өмірбаяны

  • 1929 жылы Ленинград хореография училищесін бітіргеннен кейін Харьков қаласындағы музыкалы комедия театрында балет бишісі және хореограф қызметін атқарды.
  • 1936 жылы Черниговтегі тұңғыш ән-би ансамблін ұйымдастыруға ат салысты.
  • 1938 — 1939 жылдары УКСР-дің Мемлекеттік ән-би ансамблінің режиссер-хореографы,
  • 1939 — 1941 жылдары Донецк филармониясы ән-би ансамблінің көркемдік жағын басқарды.
  • 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1941 — 45) Оңтүстік, Закавказье, 1-Украин майданының ән-би ансамбльдеріне басшылық етті.
  • 1955 — 1970 жылдары Қазақ ән-би ансамблінің директоры әрі көркемдік жетекшісі болып, қазақтың кәсіби хореография өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Ол қойған “Алатау бөктерінде”, “Саяхатта”, “Аққу қыздар”, “Су тасушы қыз”, т.б. вокалдық-хореография композициялары қазақ би өнерінің жетістігіне айналды.

Марапаттары

  • Ленин ордені<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
  • Қазақстан халық әртісі
  • КСРО халық әртісі
  • II дәрежелі Отан соғысы ордені
  • Еңбек Қызыл Туы ордені
  • Халықтар Достығы ордені
  • Құрмет Белгісі ордені
  • Қызыл жұлдыз ордені
  • Украинаның еңбек сіңірген әртісі

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті