Лепсі қорықшасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Қорық аймағы Лепсі қорықшасы – мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. Жалпы ауданы 258 мың га.

Географиялық орны

Қорықша аумағы Жетісу облысының Алакөл және Сарқан аудандары жерінде, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі биік жоталарда орналасқан.

Флорасы

Лепсі қорықшасы аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 25 өсімдік түрі бар: таңдамалы шоқпарбас, Тянь-Шань жанаргүлі, алтай гимноспермиумы, таушымылдық, дала таушымылдығы, Семенов айдаршөбі, торсылдақ сылдыршөп, жебежапырақты ергеш, үлпілдек жұлдызтүк, алтын тамыр, Сиверс алмасы, таспашөп, құс тұмсық тапашөп, жоңғарлық тұтасжапырақ, т.б.

Фаунасы

Қызыл аяқбақа, данатин құрбақасы, Жетісу аяқтыбалығы, қара дегелек, лашын, бақалтақ қыран, бүркіт, сақалтай, т.б.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер