Леонид Фомич Козин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Леонид Фомич Козин (1926 жыл 22 тамыз, КСРО) – кеңес ғалымы, техника ғылымдарының докторы (1965 жыл), профессор (1971 жыл), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971 жыл).

Еңбек жолы

Электрохимия өндірісінің инженер-технологы мамандығы бойынша 1953 жылы Киевтің политехникалық институтын бітіріп, сонда қызмет істеді. 1961 жылдан бастап Қазақ КСР ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында амальгамдық химия зертханасының, ал 1969 жылдан Қазақ КСР ғылым академиясының Органикалық катализ және электрохимия институтының аса таза металдар зертханасының меңгерушісі.

Козиннің 150-ге жуық ғылыми еңбегі жарық көрді, 30 шақты авторлық куәлік алған. Козиннің ғылыми еңбектері теориялық электрохимия, амальгамдық жүйелердің термодинамикасы және амальгамдық электродтар көмегімен аса таза металдар өндіру тәсілдерін табу мәселелеріне арналған<ref>Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1</ref>.

Қазіргі таңда Украинада Жалпы және бейорганикалық химия институтында Химия энергетикасы бөлімінде меңгеруші болып жұмыс істеп келе жатыр<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер