Леонид Прокофьевич Белоусов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Леонид Прокофьевич Белоусов (1928 жылы туған) - мүсінші. Монументті, монументті-сәндік мүсін және портрет жанрында жұмыс істейді. Шығармаларынан қазақтың ұлттық тақырыбы кең орын алған. Белоусов Қостанай облысы, Таран ауданы, Абай атындағы совхоздағы Абай ескерткішінің (М. А. Белоусовамен бірге, 1962, бетон, биіктігі 4 м, архолог. Д. П. Пятыгин) авторы. Кітапқа үңілген бойда терең ойға шомған ақын бейнесі асқақ та айшықты шешімін тапқан.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>