Левеллерлер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Левеллерлер - (теңдестірушілер) - XVII ғ. Ағылшын төңкерісі тұсындағы радикалды саяси партия, 1645-1649 жж. белсенді қызмет етті. Азаматтық соғыс тұсында кейбір ағылшын радикалдары жауынгерлер құқын қорғайтын памфлеттер жазып, тарата бастады. Олар жауынгерлердің парламент үшін қан төгіс жүріп, көпшілігінің оны сайлау құқының жоқ екенін алға тартты, әрбір ересек еркектің сайлау құқы болуын, сайлаудың жыл сайын өткізілуін талап етті.
1645 ж. Джон Лилберн (1614-1657), Джон Уалдман (1621-1693), Ричард Овертон (1625-1663) және Уильям Уолвин (1600-1680) левеллерлердің жаңа саяси партиясын құрды. Олардың саяси бағдарламасы: барлық ересек еркектерге сайлау құқын беру, қауымдастар палатасына жыл сайын сайлау жүргізу, толық дін еркіндігін, кітаптар мен газеттерге цензураны тыю, монархияның, лордтар палатасының ұнамсыз әдеттерін жою, жылдық табыстары 30 фунт стерлингтен аспайтындарды салықтан босату. Кромвелдің саясатын басында қолдағандарымен, талаптары мен реформаларын орындамағаннан кейін одан бас тартты. Есесіне партияның көсемдері дарға асылып, түрмеге қамалды.
Левеллерлердің идеялары өз замандастары Томас Гоббс, Джеймс Харрингтон, Джон Локк сынды философтарға ықпал етті. Олардың ұсыныстары 1688 ж. төңкеріс кезінде қайта жанданды, 1689 ж. ағылшындық құқықтар туралы Бильде бекітілді. Сондай-ақ АҚШ Конституңиясының мәтінінде, құқықтар туралы Бильде левеллерлердің көптеген идеялары енді. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Левеллерлер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}