Лашын
Лашын<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref> (Үлгі:Lang-la) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс – Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 – 50 см, қанаттары жайылғанда 90 – 110 см. Шәулісі ұябасарынан кішірек. Шәулісінің салмағы 500 – 800 г, ал ұябасарыныкі – 540 – 1090 г. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref> Сағатына 300 км-ге дейін жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа, қияда өскен ағаш басына ұя салады. Кейде өзге құстардың ұясын да иемденеді. Ұясына 2 – 4 (көбінесе 3) жұмыртқа (секпілді, қызғыш) салады. Оны ұябасары 28 – 32 күндей басады. Балапандар бір жарым айда ұядан ұшады. Негізгі қорегін (торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, үйрек, т.б.) ұшып жүріп аулайды. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>
Лашын жыртқыш құстардың ең жылдамы болғандықтанда саятшылыққа көп пайдаланады. Лашын – жалпы жануарлар әлеміндегі ең жылдам құс. Сарапшылар лашының ұшу жылдамдығы 300 км/сағ., ал шүйілу жылдамдығы 400 км/сағаттан жоғары жылдамдыққа жетуге мүмкінділігін, немесе 90 м/с тен жоғары жылдамдықпен ұшу қабілеттілігін айтады. Әдетте саят құрған лашын құсы биік жартастар басында отырып немесе аспанда қалқи ұшып жемтігін тапқаннан кейін ол шүйіле сүңгу арқылы жоғарғы жылдамдықпен келіп жемтігін теуіп түсіреді.
Дереккөздер
<references/>