Латифа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Латифа (Үлгі:Lang-ar - әзіл, тапқырлық) - араб, парсы, тәжік және басқа Таяу Шығыс халықтары әдебиетінде кездесетін әдеби фольклорлық жанр.

Латифа - негізгі мазмұндық түйіні ұтқыр айтылған, көлемі шағын, әзіл-күлкілі әңгіме. Халықтың ауыз әдебиеті шығармашылығына кеңінен таралған латифаның түпкі шығу төркіні X ғасыр әдебиетінен басталады. Латифа үрдісі, әсіресе, XIV ғасырда жасаған парсы-тәжік сатиригі Заканидің шығармашылығында ерекше дамыған. Фахр ад-дин Сафидің «Лотаф от-таваф», Ахмад Суруштың «Маджмуэе латаиф» т.б. латифа үлгісімен жазылған әңгіме жинақтары кеңінен мәлім.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>