Ластағыштар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ластағыштар (Загрязнители) - қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез келген физикалық агенттер, химиялық заттектер немесе биологиялык түрлер (негізінен микроорганизмдер). Ластағыштар табиғи және антропогендік бірінші реттік ластану көздерінен тікелей және екінші реттік (бірінші реттік химиялық реакция кезінде түзілетін) болып бөлінеді. Сондай- ақ қөректік тізбекте жинақталатын түрақты (ыдырамайтын) Ластағыштарды бөліп көрсетеді. Ластағыштардың көбі (пестицидтер, полихлордифенилдер, пластмассалар) табиғи жайдайда өте баяу ыдырайды, ал улы қосылыстар (сынап, қорғасын) мүлде залалсыздандырылмайды. Әр түрлі ластағыштардың табиғи ортаға түсуі бірқатар зардаптарға ұшыратады: өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтіреді (ормандар мен мәдени өсімдіктердің өнімділігі азаяды, жануарлар қырылады және т.б.); табиғи биогеоценоздың түрақтылығы бүзылады; металдар коррозияға ұшырайды, соулет имаратгары бүлінеді; адам денсаулығына зиян келеді жоне т.б. 1940 жылдары табиғи өнімдер (мақта, жібек, жүн, сабын, қоспасыз азық-түлік, көксағыз) басым болса, қазіргі кезде олар өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде қоршаған ортаны ластайтын, қиын синтетикалық өнімдермен алмастырылған. Олар — синтетикалық талшықтар, жуғыш түрлі заттектер, ағартқыштар, жасанды азық- түлік, минерал тыңайтқыштар, синтетикалық көксағыз және т.б. Әсіресе қазба отынды энергия алу мақсатында пайдаланғанда қоршаған ортаға көп ластағыштар түседі. Өндіріс қалдықтары мен атмосфераны ластағыштар (көміртек оксидтері, азот оксидтері, көмірсутектер, қатты бөлшектер және т.б.) көміртектің табиғи айналымын бүзады. Соның салдарынан көшетхана эффектісі, фотохимиялық у тутін пайда болады. Онеркосіптің түрлі салаларыластағыштар көзі болып табылады. Әсіресе дүние жүзіндегі металлургиялық кәсіпорындар атмосфераға жыл сайын 150 мың т-дан астам мыс., шамамен 120 мың т мырыш, 90 мың т никель, кобальт, сынап және т.б. ластағыштарды шығарады. Олардан шығатын зиянды қалдықтар өсімдіктер мен тірі организмдердің қырылуына себепші болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ластағыштар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}