Лаокоон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Laokoon-Gruppe-02.jpg
Лаокоон мен оның балаларының мүсіні, Пия-Климента музейі, Ватикан

Лаокоон - ежелгі грек мифологиясындағы трояндық Аполлон құдайының абызы.

Акеттың ұлы, Анхистың ағасы. Аполлонның еркіне қарсы шығып, әйел алады. Аполлон мүсінінің алдында некесін қиғаны үшін Аполлонның қаһарына ұшырайды.

Аңыз желісі бойынша

Гректер Троя қаласынан шегінгенде қорған сыртына ағаштан шабылған үлкен тұлпар мүсінін (троя тұлпары) қалдырған. Лаокоон осы ағаш тұлпарды қалаға енгізуге қарсы болды. Сол үшін гректер жебеушісі - Афина құдай Лаокоонға екі айдаһар жіберіп, оны ұлдары Антифанта мен Фимбрейді жұтып қойып, Лаокоонды буындырып өлтірген екен.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>