Лана Дель Рей
Үлгі:Музыкант Элизабет Вулридж Грант (Үлгі:Lang-en; 21 маусым, 1985, Нью-Йорк, АҚШ), Лана Дель Рей (Үлгі:Lang-en) есімімен белгілі — америкалық әнші және әндердің авторы. Музыкасында Американың 1950-1960 жылдардағы поп-мәдениетіне көптеген сілтемелер бар, ұқсастықтар көп. Музыкасы қайғылы қарым-қатынас туралы баяндайды және меланхолия көптігімен белгілі.
Мазмұны
Балалық шағы, бастапқы жылдары
Элизабет Вулридж Грант 1985 жылы, 21-ші маусымда Нью-Йорк қаласы, Манхэттен ауданында дүниеге келеді. Әкесі, Роберт Ингланд Грант-кіші бұрын Grey Group компаниясында копирайтер болған, қазіргі кезде кәсіпкер. Анасы, Патриция Энн орта мектепте мұғалім қызметін атқарады. Лананың сіңілісі Кэролайн мен ағасы Чарли бар. Атасы, Роберт Ингланд Грант көптеген атақты компаниялардың вице-президенті және инвестициялық банкирі болды.
Лана балалық шағын Лейк-Плэсид, Нью-Йорк штатындағы ауылда өткізеді. Сол жерде Католиктік бастауыш мектепті бітіреді. Бала кезінен Шіркеу хорының мүшесі және канторы болады. 15 жасында алкогольдік ішімдік қолданып, Кент мектебіне ауысады. Лана сұхбатында жасөспірім кезінде дос табуда қиындықтар болғанын айтады.
Мектеп бітірген соң Дженесеодағы мемлекеттік Нью-Йорк университетіне түседі. Бірақ ол оқуды тастап Лонг-Айлендтағы туыстарының үйіне көшіп, шағын кафеде даяшы болады. Сол кезде көкесі оған гитара аспабында ойнауды үйретеді. Солай Элизабет өлең жаза бастайды, сол туындыларымен түнгі клубтарда түрлі лақап аттармен шығып, ән салатын. Бірнеше жанкүйерлері пайда болды.
Келесі жылы 19 жасында Фордем университетіне, философия факультетіне түседі. Бронкс қаласынан Нью-Джерсиге кетіп, волонтерлікпен айналыса бастайды. Үйсіз балаларға жәрдем беріп, ішімдік және есірткі тәуелділігіне қарсы жобаларға қатысады.
Жеке өмірі
Жас кезінде ішімдікті көп ішкен , бірақ 2004 жылдан бастап тоқтатты. Сұхбат кезінде Кент мектебінің көмектескендігін айтқан.
2011 жылдың тамызынан 2014 жылдың маусымына дейін Kassidy тобының әншісі Барри Джеймс О'Ниллмен қарым-қатынаста болды. Одан кейін 7 жыл бойы лейбл басшысымен болған, Лана кейін сұхбаттарда оның үлкен әсер еткенін айтады және әлі күнге шейін жақын достар болып келеді.
Нью-Йорк пен Лондонда тұрған соң Лос Анджелес штаты,Кореа-таун қасындағы Хэнкок саябағына жақын жерге көшіп, ағасы мен сіңілісімен тұрады.
2015 жылы үйіне жанкүйері кіріп кеткендіктен Малибуға көшеді. 2016 жылдың қыркүйегінде Студио Сити,Лос Анджелестен 2 зәулім үй алады. Католиктік көз қарастарды ұстанған. Феминизмге қызықпайды. Лақап атын Делрей-Бич жеріне қатысты қойды. Ол жерде халық есірткі тәуелділігімен күрескен.
Денесінде бірнеше татуировка бар. Сол қолында әжесі, Мадленге арналған "М" әрібі және "Paradise"(ағыл. Жұмақ) сөзі бар. Сол қолындағы саусағында "Die young"(ағыл. Жас кезінде қайтыс бол) жазуы бар. Оң қолында сүйікті 2 жазушысының аты және "trust no one" (ағыл. Ешкімге сенбе) дәйексөзі бар.
Бірнеше атақты жұлдыздармен достық қарым-қатынаста. Мысалы: The Weeknd, Marina and the Diamonds , Кортни Лав және т.б.
Карьерасы
2005-2010: Карьерасының басталуы және бастапқы туындылары
Элизабет Вулридж Грант ән жазып бастап жүрген кезде "Лиззи Грант" лақап атымен клубтарда шығып жүрді. 2005 жылдың көктемінде, колледжде оқып жүрген кезінде Дел Рей "АҚШ Авторлық құқық кеңсесінде" жеті әннен тұратын кеңейтілген альбомын тіркейді; қолданбаның атауы Rock Me Stable болды, сонымен қатар оның екінші атауы "Young Like Me" болды.<ref>"Registration Number / Date: PAu002950687 / April 25, 2005". Digital Spy. 2005.</ref> 2005 және 2006 жылдар аралығында Лана "Sirens" деп аталатын акустикалық альбомын жазады, ол 2012 жылдың ортасында желіде тараған May Jailer жобасының<ref>"The Greatest Lana Del Rey Songs That Never Made an (Official) Album". I-D. Vice. Hellyer, Isabelle (18 сәуір, 2017).</ref> бөлігі ретінде ғаламторда танымал болады.
Лананың алғашқы көпшілік алдында өнер көрсетуі 2006 жылы Уильямсбургтегі ән жазу конкурсінде болды. Сол кезде ол Дэвид Нихтернге тиесілі "A&R 5 Points Records" тәуелсіз лейблінің өкілі Ван Уилсонмен танысады.<ref>"Williamsburg Live Songwriter Competition 2006 (WLSC 2006): Prizes". Түпнұсқадан 2007 жылдың 13 қазанында мұрағатталған.</ref> 2007 жылы Фордхэмде жоғары курс оқып жүрген кезінде No Kung Fu, 5 Points Records-ка өзінің демо-жазбалардан құралған акустикалық таспаларын ұсынды, ол оған 10 000 долларға жазба келісім-шартын ұсынды. Ол ақшаны Нью-Джерси штатының Солтүстік Берген қаласындағы Manhattan Mobile Home Park-ке көшу үшін пайдаланды және продюсер Дэвид Канмен жұмыс істей бастады.<ref>Sowray, Bibby (10 ақпан, 2012). "Lana Del Rey Biography, Quotes and Facts". Vogue. Түпнұсқадан 2012 жылдың 3 қазанында мұрағатталған.</ref>
Дел Рей Фордхэмді 2008 жылы философия бойынша өнер бакалавры дәрежесімен бітірді, содан кейін ол Лиззи Грант рөлінде Каннның қойылымымен үш тректі Kill Kill EP шығарды.<ref>C. Sullivan, Felicia (February 20 ақпан, 2009). "Interview: Singer/Songwriter Lizzy Grant on Cheap Thrills, Elvis, The Flamingos, Trailer Parks, and Coney Island". The Huffington Post. Түпнұсқадан 2016 жылдың 11 желтоқсанында мұрағатталған.</ref> Ол былай түсіндірді: "Дэвид менің демо нұсқамды алғаннан кейін бір күн өткен соң ғана бірге жұмыс істеуге келісті. Ол өте адал продюсер ретінде танымал және жәй ғана поп емес музыка жасауға қызығушылық танытты".<ref>Calvert, John (4 қазан, 2011). "Original Sin: An Interview With Lana Del Rey". The Quietus. Түпнұсқадан 2012 жылдың 21 шілдесінде мұрағатталған.</ref>
2011-2013: Born to Die және Paradise-пен серпіліс
2011 жылы Дель Рей YouTube арнасына өзінің веб-камерасында ән айтып тұрған кадрлармен араласқан винтажды кадрлары бар "Video Games" және "Blue Jeans" әндеріне арнап өзі жасаған музыкалық бейнелерді жүктеді.<ref>Dobbins, Amanda (21 Қыркүйек, 2011). "Meet Lana Del Rey, the New Singer Music Bloggers Love to Hate". New York. Түпнұсқадан 2011 жылдың 12 желтоқсанында мұрағатталған.</ref> "Video Games" музыкалық бейнебаяны ғаламтордағы вирустық сенсацияға айналды, бұл Дел Рейге Stranger Records-қа әнді дебюттік сингл ретінде шығаруға қол қоюға әкелді.<ref>"Lana Del Rey signs to Stranger!". Stranger Records. 30 Маусым, 2011. Түпнұсқадан 2011 жылдың 18 желтоқсанында мұрағатталған.</ref> Ол The Observer басылымына: "Мен бұл әнді бірнеше ай бұрын желіге жүктеп қойғанмын, өйткені бұл менің сүйікті әнім еді. Шынымды айтсам, бұл жалғыз ән емес еді, бірақ адамдар оған шынымен жауап берді". Ол жарыққа шыққаннан кейін бірден хитке айналды. Бұл ән оған 2011 жылы қазанда "Next Big Thing" номинациясында Q сыйлығын<ref>Larsen, luke (25 Қазан, 2011). "Lana Del Rey Wins Q Award, Says Album Due Out January" Үлгі:Webarchive. Paste. Wolfgang's Vault. Түпнұсқадан 2012 жылдың 28 қаңтарында мұрағатталған.</ref> және 2012 жылы "Best Contemporary Song" үшін Ivor Novella-ны алды.<ref>Corner, Lewis (17 Мамыр, 2012). "Adele, Lana Del Rey, Take That win at Ivor Novellos 2012". Digital Spy. Түпнұсқадан 2012 жылдың 25 маусымында мұрағатталған.</ref> Сол айда ол Interscope Records және Polydor компанияларымен екінші студиялық альбомы "Born to Die" шығару үшін бірлескен келісімге қол қойды.<ref>Savage, Mark (27 Қаңтар, 2012). "Love, the law, and Lana Del Rey". BBC News. Түпнұсқадан 2012 жылдың 3 ақпанында мұрағатталған.</ref> Ол осы уақыт аралығында "Лана Дель Рей" есімін қабылдады. "Born to Die" дебюттік альбомы 2012 жылдың қаңтарында ресми түрде жарыққа шықты. Ол бүкіл әлемде танымалдылыққа ие болып, 11 елде бірінші нөмірге ие болды. Ол 2012 жылы 3,4 миллион данамен сатылып, жылдың ең көп сатылған бесінші альбомы болды.
"Paradise" альбомы 2012 жылдың 12 қарашасында дербес шығарылым ретінде шығарылды, сонымен қатар Дель Рейдің бұрыңғы альбомы Paradise-тегі қосымша 8 трекпен біріктіріп Born to Die: The Paradise Edition жарыққа шықты. Paradise алғашқы аптасында 67 000 данамен сатылып, Billboard 200 тізімінде 10- шы орында шығып АҚШ-тағы үздік 10 альбом тізіміне кіретін екінші альбомы болып белгіленді.<ref>"Lana Del Rey Debuts at No. 10 on Billboard 200 With 'Paradise' EP (Interscope/Polydor)". Santa Monica, California. PR Newswire. 21 Қараша, 2012. Түпнұсқадан 2013 жылдың 5 маусымында мұрағатталған.</ref> Сонымен қатар ол 56-шы жыл сайынғы Грэмми сыйлығында "Үздік поп-вокалдық альбом" номинациясына ие болды.<ref>"Lana Del Rey". Grammy Awards.</ref> Дел Рей қараша айында 2012 MTV Europe Music Awards марапатында бірнеше номинацияға ие болды және "Үздік балама орындаушы" (ағылш. Best Alternative performer) жүлдесін жеңіп алды.<ref>McGovern, Kyle (12 Қараша, 2012). "MTV EMAs 2012: Taylor Swift Is Popular in Europe, Too". Spin. Түпнұсқадан 2015 жылдың 25 қарашасында мұрағатталған.</ref>
Лана 2013 жылдың маусымында Энтони Мандлер түсірген "Paradise" тректеріне негізделген "Tropico" музыкалық қысқаметражды фильмін басқарды. Дель Рей фильмді 2013 жылы 4 желтоқсанда Голливудтағы Cinerama Dome кинотеатрында көрсетті. 6 желтоқсанда саундтрек цифрлық дүкендерге шығарылды.
2014-2016: Ultraviolence, Honeymoon және киножұмыстары
2014 жылдың 26 қаңтарында Лана 2014 жылы дарк-фэнтези жанрындағы "Малефисента" (ағылш. Maleficent) фильмі үшін "Once Upon a Dream" әніне каверін шығарды.<ref>""Maleficent" to Feature "Once Upon a Dream" by Lana Del Rey". Stitch Kingdom. Түпнұсқадан 2014 жылдың 25 қаңтарында мұрағатталған</ref> Paradise альбомы аяқталған соң Дэн Ауэрбахпен бірге Дель Рей Ultraviolence атты келесі альбомын жаза бастайды.<ref>"Lana Del Rey announces new album title: Ultraviolence". The Guardian. London, UK. December 5, 2013. ISSN 0261-3077. OCLC 60623878. Түпнұсқадан 2014 жылдың 15 сәуірінде мұрағатталған.</ref> Ultraviolence 2014 жылдың 13 маусымында шығарылды және 12 елде, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбританияда бірінші орынға шықты. Алғашқы аптасында әлем бойынша 880 000 данасы сатылуына<ref>"Lana Del Rey's 'ULTRAVIOLENCE' (Interscope/Polydor UK) Debuts At No. 1 in Twelve Countries Including U.S. & U.K., Plus Top 5 in Eight Other Countries". PR Newswire. June 25, 2014. Түпнұсқадан 2014 жылдың 30 маусымында мұрағатталған</ref> "West Coast", "Shades of Cool", "Ultraviolence", and "Brooklyn Baby" синглдары шығуы себеп болды. Лана "Ultraviolence" бейнебаянын түсіргеннен кейін фотограф Франческо Каррозинимен кездесе бастады; екеуі бір жылдан астам уақыттан кейін 2015 жылдың қарашасында ажырасқан.<ref>Heller, Corinne (11 Қараша, 2015). "Lana Del Rey and Boyfriend Francesco Carrozzini Split: Report". E!.</ref>
Лананың келесі төртінші студиялық альбомы Honeymoon 2015 жылдың 18 қыркүйегінде<ref>Lipshutz, Jason (14 Тамыз, 2015). "Lana Del Rey's 'Honeymoon' Album Gets Sept. 18 Release Date". Billboard. Түпнұсқадан 2015 жылдың 16 тамызында мұрағатталған.</ref> музыка сыншылары тарапынан жоғары бағаға ие болды.<ref>"Reviews for Honeymoon". Metacritic. Түпнұсқадан 2015 жылдың 20 қыркүйегінде мұрағатталған. </ref> Оның алдыңғы жұмысы сияқты бұл альбом да бірден хит болып "US Billboard 200" тізімінде екінші орынға шықты. Альбом шығар алдында Дель Рей "Honeymoon" тректерін, "High by the Beach" синглын және "Terrence Loves You" жарнамалық синглін алдын ала шығарды. 2015 жылдың мамыр айында Honeymoon альбомы шығарылмас бұрын Дель Рей "Endless Summer Tour" атты концерттік турға шықты, онда Кортни Лав (ағылш. Courtney Love) пен Гримс (ағылш. Grimes) болды. Сонымен қатар, Дел Рей 2015 жылы 28 тамызда шыққан Weeknd тобының Beauty Behind the Madness альбомындағы «Prisoner» трегін бірлесіп жазған және сол тректе вокал орындаған.<ref>Carley, Brennan (4 Тамыз, 2015). "The Weeknd's New Album Features Lana Del Rey". Spin. Түпнұсқадан 2015 жылдың 13 желтоқсанында мұрағатталған.</ref>
2017-2019: Lust For Life және Norman Fucking Rockwell!
2017 жылы Лана Дель Рей өзінің бесінші студиялық альбомы – Lust for Life-ті жарыққа шығарды. Альбом 2017 жылғы 21 шілдеде Interscope және Polydor лейблдерінде шықты<ref>Billboard. Lana Del Rey’s “Lust for Life” Album of the Week.. 2017. Альбомның шығу күні (21 шілде 2017), лейблдері (Interscope, Polydor) және релиз туралы ресми ақпаратты растайды.</ref>. Жазбада The Weeknd, ASAP Rocky, Playboi Carti, Стиви Никс және Шон Оно Леннон сияқты әртістер қонақ ретінде қатысты<ref>Pitchfork. Listen to Lana Del Rey’s New Album “Lust for Life.”. 2017. Альбомдағы қонақ орындаушылар (The Weeknd, ASAP Rocky, Playboi Carti, Стиви Никс, Шон Оно Леннон) туралы ақпарат береді.</ref>. Альбом музыка жағынан дрим-поп, инди-поп және трип-хоп элементтерін қамтып, әншінің алдыңғы жұмыстарына қарағанда саяси және әлеуметтік тақырыптарды көбірек қозғады. Lust for Life АҚШ-тағы Billboard 200 чартында бірінші орыннан дебют жасады<ref>Billboard. Lana Del Rey’s “Lust for Life” Debuts at No. 1 on Billboard 200. 2017. Альбомның Billboard 200 чартында бірінші орыннан дебют жасағанын растайды.</ref>.
2019 жылы Дель Рей продюсер Джек Антоноффпен бірлесіп алтыншы студиялық альбомы – Norman Fucking Rockwell!-ді шығарды. Альбом 2019 жылғы 30 тамызда жарық көрді және сыншылар тарапынан өте жоғары бағаланды<ref>Pitchfork. Lana Del Rey: Norman Fucking Rockwell! Album Review. 2019. Альбомның жарық көруі (30 тамыз 2019) және сыншылар бағасына қатысты ақпарат береді.</ref>. Музыкалық тұрғыдан жазба софт-рок, фолк-рок және психоделик рок бағыттарына жақын болды. Альбом көптеген басылымдардың жыл қорытындысы тізімдерінде жетекші орындарға ие болып, «Жыл альбомы» номинациясы бойынша Grammy Awards марапатына ұсынылды<ref>The Recording Academy (Grammy.com). 2020 GRAMMY Awards: Complete Winners & Nominations List. 2019.</ref>.
Сол жылы Дель Рей Майли Сайрус және Ариана Грандемен бірге «Charlie’s Angels» (2019) фильміне арналған «Don’t Call Me Angel» саундтрек сингліне қатысты<ref>Variety. Ariana Grande, Miley Cyrus, Lana Del Rey Team Up for ‘Charlie’s Angels’ Theme. 2019. «Don’t Call Me Angel» синглінің «Charlie’s Angels» фильміне арналған саундтрек екендігін растайды.</ref>. Ән коммерциялық табысқа ие болып, бірнеше елдің чарттарында жоғары орындарға көтерілді. Сонымен қатар 2019 жылы ол «Looking for America» атты жеке синглін шығарды. Бұл ән АҚШ-тағы жаппай атыс оқиғаларынан кейін жазылып, әлеуметтік мазмұнға ие композиция ретінде қабылданды<ref>Pitchfork. Lana Del Rey Releases ‘Looking for America’ and ‘Season of the Witch’: Listen. 2019. «Looking for America» синглінің 2019 жылы жарияланып, жаппай атыс оқиғаларына жауап ретінде шығарылғанын растайды.</ref>.
2021: Chemtrails Over the Country Club және Blue Banisters
2021 жылы Дель Рей өзінің жетінші студиялық альбомы – Chemtrails Over the Country Club-ты жарыққа шығарды.<ref name="bb-chem-date">Үлгі:Cite web</ref> Альбом Ұлыбританияның Official Albums Chart тізімінде 1-орынға көтеріліп, алғашқы аптада 40 000 chart sales көрсетті, оның ішінде 16 700 дана винил сатылымы тіркелді<ref name="bb-uk">Үлгі:Cite web</ref>. АҚШ-та Chemtrails Over the Country Club Billboard 200 чартында 2-орыннан дебют жасап, алғашқы аптада 75 000 альбом сатылымына тең бірлік жинады (соның 58 000-ы таза сатылым)<ref name="bb-alt-record">Үлгі:Cite web</ref>. Сонымен қатар альбом Billboard Top Album Sales чартында 1-орыннан бастады<ref name="bb-sales">Үлгі:Cite web</ref>. Альбом Billboard Alternative Albums чартында да 1-орынға шықты, бұл Дель Рейдің Alternative Albums чартындағы рекордтық көрсеткіштерінің бір бөлігі ретінде аталды<ref name="bb-alt-record" />.
Сол жылы әнші сегізінші студиялық альбомы – Blue Banisters-ті шығарды. Альбом 2021 жылғы 22 қазанда Polydor және Interscope Records арқылы жарық көрді<ref name="bb-bb-stream">Үлгі:Cite web</ref>. Альбомға дейін 2021 жылғы 20 мамырда «Blue Banisters», «Text Book» және «Wildflower Wildfire» атты үш трек жарияланды<ref name="bb-3songs">Үлгі:Cite web</ref>. Бұл үш тректің жазылуына және продюсерлігіне Gabriel Edward Simon, Zachary Dawes және Mike Dean қатысқаны көрсетілген<ref name="pf-3songs">Үлгі:Cite web</ref>. 2021 жылғы 8 қыркүйекте «Arcadia» синглі шықты және сол материалда Blue Banisters альбомының шығу күні 22 қазан екені хабарланды<ref name="bb-arcadia">Үлгі:Cite web</ref>. Blue Banisters Billboard 200 чартында 8-орыннан дебют жасады және бұл Дель Рейдің Billboard 200-дегі сегізінші топ-10 нәтижесі ретінде тіркелді<ref name="bb-alt-no1s">Үлгі:Cite web</ref>. Альбом Billboard Alternative Albums чартында 1-орынға көтеріліп, Дель Рейдің Alternative Albums чартындағы №1 альбомдар саны бойынша жеке рекорд орнатуына себеп болды<ref name="pf-record">Үлгі:Cite web</ref>.
Дереккөздер
Дискографиясы
Студиялық альбомдары
- 2010 - Lana Del Ray
- 2012 - Born to Die
- 2014 - Ultraviolence
- 2015 - Honeymoon
- 2017 - Lust for Life
- 2019 - Norman Fucking Rockwell!
- 2021 - Chemtrails Over the Country Club
- 2021 - Blue Banisters
- 2023 - Did You Know That There's a Tunnel Under Ocean Blvd
- 2024 - Lasso
Шағын-альбомдары
- 2008 — Kill Kill
- 2010 — Lana Del Rey (EP)
- 2012 — Paradise
- 2013 — Tropico