Лай (өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Лай – Алакөл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Абай облысы Мақаншы ауданы жерімен ағады.

Бастауы

Бастауын Тарбағатай жотасының оңтүстік беткейінің орта тұсындағы бұлақтардан алып, Атығай қонысына 8 км жетпей жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы

Су жиналатын алабы 167 км2. Ұзындығы 31 км, жалпы ұзындығы 12 км болатын 6 саласы (жылғасы) бар. Лай қыстауына дейінгі арнасы жартасты, жарқабақты өңірмен өтеді, одан төменде арнасы мен аңғары кеңейеді. Төменгі арнасында жаз айларында суы қарасуларға бөлініп қалады. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толысады.<ref> АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>‎

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер