Лагуна түзілімдері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лагуна түзілімдері. Теңіз жағалауын жиектей созылған, ашық теңізден құмды кедергілермен оқшауланған су қоймалары болып табылатын лагуналарда түзілген түзілімдер. Лагуна түзілімдері негізінен алғанда пелитті материалдардан тұрады, бірақ олардың құрамы су қоймасына сырттан жеткізілген терригендік материалдардың мөлшеріне және климат жағдайына тәуелді болып келеді. Ірітүйірлі яки кесекті кластикалық материал әдетте лагунаға құятын өзендер сағасында және лагуна мен теңізді бір-бірінен оқшаулайтын құмды кедергілер өңіріңде жинақталады. Аңызақ климат жағдайында кластикалық шөгінділер мен қатар эвапориттер, ал ылғалды климат жағдайында карбонатты түзілімдер қалыптасады. Геологиялық қималарда лагуна түзілімдері біршама жиі ұшырасады, олар тас көмір және тұз кенорындарын кіріктіруі ықтимал.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}