Лаврентий Дядюнович Сон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лаврентий Дядюнович Сон (2.2. 1941 ж.т., Алматы облысы Қаратал ауданы) драматург. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (2001).

Өмірбаяны

Екатеринбургте (Ресей) Радио-техника техникумын, Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген (1963).

Барнаул радио зауытында, Қазақстан ҒА Математика институтында қызметкер, 1967 жылдан "Қазақфильм" киностудиясында сңенарист, көркем фильмдер қоғамында режиссер болып қызмет атқарған. Сонның сңенарийі бойынша "Ерекше күн", "Отбасы альбомы", "Таңдау", "Түз", "Серіккүлдің күні мен сағаты" секілді тоғыз фильм койылған. Театр саласында "Көктемгі жел", "Туған күн", "Зерде", "Ашуға булығып өлу", "Ауыл ақымақтарының үйленуі", "Үштөбеден келген адам", т.б. пьесалары бар.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Марапаттары

Мәдениет қайраткері (1997). ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған (2005).

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Сон Ирина Николаевна, кітапханашы. Ұлы - Станислав (1970 жылы туған); қызы - Светлана (1977 жылы туған).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}