Лабрадорит (тау жынысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Labradorite brute (Canada).jpg
Канадалық лабрадорит

Лабрадорит (тау жынысы) - магмалық тау жынысы, габброның ашық түсті түрі. Лабрадорит көбінесе лабрадор минералынан құралады.

Қасиеті

Лабрадорит құрамында 5-7%-ке дейін пироксендер мен руда минералдары болады. Лабрадорит көбінесе ірі түйірлі, қара-сұр немесе қара болып келеді.

Қолданылуы

Ескерткіштерді, үй қабырғаларын мәнерлеуге кеңінен пайдаланылады. Лабрадоритты құраушы плагиоклаздардың (лабрадор) түйірлері неғұрлым ірі болса, оның көркемдік қасиеті соғұрлым жоғары болады.

Таралуы

Лабрадорит сирек кездеседі. Украинадағы Волынь және Черкассы облыстарында, Орал тауында ұшырайды. Шетелдерде Лабрадориттің ірі кендері Канадада (Лабрадор түбегі), АҚШ-та, т.б. елдерде бар. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>