Көш, бір көш жер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көш, бір көш жер. Қазіргі сөздігімізде — бір қонатын жер; едәуір қашықтық деп түсіндірілген. «... бір көш жерде көгілдірленіп зор жота тұр» (Ол күндер. 4-том, 92). Әрине, сырт көзге, мағынасына бой ұрсақ, қашықтық, алыстық елшемі деу жөн сияқты. Кейде бұл тіркестің «жер» сөзінсіз де қолданылатыны бар. Мысалы, «ол бізден бір көш алда келе жатты» дегенде, мұнда «бір қонатын жер» деген мағынаға жуық келмейді. Осыған орай көне түркі тілдерінің жазба деректеріне үңіле түссек, «көш» сөзінің басқа да мағынасы болғандығы анықтала түседі. М. Қашқари сөздігінде көч — мезгілдің, уақыттың азғана бөлігі деген де түсінік бар. Және «бір көч күйгіл» сияқты мысал да келтірілген, оны қазіргі тілімізге аударсақ — «аз уақыт күт» дегенді ұғындырады (ДТС, 311). Осы деректі тілге тиек етсек, «бір көш жер» дегеніміз — «аз уақытта жетерлік жер» болмақ.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}