Көшім (ауыл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан КөшімБатыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Көшім ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Перемётное ауылының оңтүстік-шығысына қарай 41 км-дей жерде, Жайықтың Көшім тармағы жағалауындағы қамыс, құрақ өскен шалғынды, қоңыр топырақты далалық белдемде орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1817 адам (887 ер адам және 930 әйел адам) болса, 2009 жылы 1615 адамды (811 ер адам және 804 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1475 адамды (745 ер адам және 730 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Іргесі Көшім каналының салынуына (1980) байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Көшімде 19 шаруа қожалығы құрылған.

Инфрақұрылымы

Орта мекгеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Ауыл суреттері

Көшім ауылы
Көшім. Ауыл көрінісі Көшім ауылы Көшім Ауыл көрінісі

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бәйтерек ауданы елді мекендері