Көшімбек Тамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көшімбек Тамы– - архитектуралық ескерткіш. Қостанай облысы Амангелді ауданы Үрпек ауылы мен Рахмет ауылы аралығындағы жол бойында (32 км), Шиқамыс қаласы маңында 1925 жылы салынған. Сегіз қырлы пішінді ғимараттың қалың қабырғалары саманнан (шикі кірпіштен) салынып, сырты күйдірілген қызыл кірпішпен қапталған. Қасбет қырларының бүрыштары үш ширектік діңгекшелермен көрнекіленген. Оның әр қырында екіден шағын терезе ойықтары бар. Қабырғаның жалпы биіктігі 3,67 м, қырларының ені 2,5 - 3 м. Тақия тәрізді күмбезі шеңбер мойындыққа табан тіреген, олар тұтас күйдірілген қірпішиен қаланған. Мойындықта шағын төрт терезе ойығы бар. Ғимарат есігі оңтүстік-батысқа бағытталған. Кіре беріс есік алдынан аласа келген ауданы 2,81x2,48 м дәліз салынған. Ал тәбесі итарқа түрінде жабылған. Дәліздің есік ойығының доғалы маңдайша-сынан жоғары, төте жазумен эпи-таф. жазуы бар екі тақта орнатылған. Ол жазуда құрылыстың салынған уақыты 1925 жылы деп көрсетілген. Ішкі еңсесінің жобасы шеңбер болып келген, оның есік ойығының оң жағында қалың қабырғаның ішінен ойылып, төбеге шығатын баспалдық жасалған. Ғимараттың жалпы биіқтігі 5м. 1989 жылы жергілікті халықтың күшімен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Көшімбек Тамын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің сарбазы Баязит ұста Төлегенүлы салған. Есік алдындағы қүлпытастың бетіне: "Руы бегімбет, Балықүлы Көшімбек, 1850 - 1925" деген жазу бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}