Көшербай Әлібаев
Әлібаев Көшербай (1941 жылы туған, Маңғыстау облысы) – мұнайшы. Альметьевск қаласындағы (Ресей) мұнайшылар курсын бітірген (1961). 1958 – 68 ж. «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің Қызан, Қоңырорпа, Имағамбет мұнай барлау басқармаларында бұрғылау жұмысшысы, бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау мастері, 1968 – 76 ж. «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру бірлестігі басқармасында оператор,<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref> мұнай өңдеу мастері, 1976 – 79 ж. Солт. Бозащы, Қаражанбас кен орындарында бұрғылау мастері, бұрғылама бастығы, 1979 – 96 ж. «Комсомолмұнай» өндірістік бірлестігінде мұнай мен газ өндіру мастері болды. Еңбек Қызыл Ту, Құрмет ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
Дереккөздер
<references/>