Көтерем

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көтерем жануарлардың әбден тұралап арықтауы. Бұл ауру, көбінесе, сиырларда, ешкіде, кейде биеде де кездеседі. К., негізінен, ауру (созылмалы дерт, туберкулез, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері аурулары), ұзақ уақыт ашығу, авитаминоз, түрлі заттармен (тотияйын, қорғасын, сынап, фтор, т.б.) уланудан пайда болады. Ауырған мал организмінде майы азайып, еті қатаяды, терісінің түсі өзгереді, дене салмағының 40 – 50%-ын жоғалтады. Малдың жатып-тұруы қиындайды, кейде мүлдем тұрмай жатып қалады. К-ге ұшырамау үшін малды (әсіресе) ашықтырмай, сапалы жемшөп беру, аурудан, уланудан алдын ала сақтау қажет. Дер кезінде емдесе, баптап күтсе ауырған мал ауруынан айығып кетеді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}