Көрші (сөз)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көрші. Үйлері жақын, іргелес тұратын адамдар.


«Көрші» сөзі қазақ тіліне моңғол тілінен ауысқан дерлік деректер жеткілікті. Біріншіден, біздегі «көрші мағынасын «хөрш» тұлғасы береді <ref>Қаз.-мон. сөз., 1977,159</ref>. Екіншіден, моңғол тілінің өзінде бұл сөздің «көрші» ұғымы алғашқы мағына еместігін көреміз. «Хөрш» тұлғасының моңғол тіліндегі әуелгі мағынасы біздегі «дәмдес» түсінігін берген (Сонда, 88). Ойға салып қарасақ та, қатар, іргелес үйдегі адамдар бірінің үйіне бірі кіріп, дәм-тұз татыспай тұрмайтыны бесенеден белгілі. Дәлірек айтқанда дәмдестік пайда болады. Демек, моңғол тіліндегі «хөрш», қазақ тіліндегі «көрші» сөздерінің тұңғыш мағынасы — «дәмдес» дегенді білдірген.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}