Көркем жазу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көркем жазу (грек. kalligraghia, араб. хүсни- хат - сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсы сапа) - анық, әдемі жазу өнері. Ислам діні елдерінде көркем жазу өнеріне үлкен көңіл бөлінген. Құран үшін, мемлекеттік мәні бар жазбалар үшін арнайы әшекейлі жазу түрі қолданылған. VІІ ғасырдан бастап ол куфи деп аталатын. Араб жазуының насхи, насталик жазуы да (Х-ХV ғғ.) кең тарап, әдеби, ғылым текстерді көшіруші ірі каллиграфтар шыққан. Араб мәдениеті тарихында атақты шаирлардың кітаптарын көшіріп, халыққа қолжазба күйінде таратушы — хүсни- хатшылардың (полиграфтардың) қызметі де жоғары бағаланған. Кейінгі ғасырларда кітап басу ісінің еркендеуіне байланысты Көркем жазу өнері фафика, көркемдеу салаларында ғана шектеліп қалды. Кейіннен бастауыш мектепте пән ретінде қалыптасты. Қазіргі кезеңде Көркем жазу елімізде бастауыш сыныптарда оқылатын қазақ тілі бағдарламасына арнаулы курс ретінде өніп отыр. Көркем жазу қағидалары әсіресе грамматика мен емлені оқытуда басшылыққа алынады. Жазудың графикалық жақтарын үйретудегі мақсат дыбысты әріппен белгілей білу, жазудың сыртқы түрін, әріптердің әдемілігі мен тіркесу жолдарын игеру, әріп элементтерін сақтай жазу, шапшаң жазу, кешіріп жазу, естіп жазу, санаумен жазу, сөйлемді, тұтас тексті дұрыс, анық, таза жаза білу, ойын бірте-бірте жазба түрде баяндай білу секілді дағдыларды меңгеру болып табылады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Ішкі сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}