Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері», жазушының мақаласы. Алғаш 1955 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің 7 қазандағы санында, кейін «Көркем аударманың кейбір мәселелері» атты жинақта (1957, 3-12-беттер); жазушынын «Уақыт және әдебиет» (1962, 385-395- беттер); 12 томдық (12-том, 1969, 124-133-беттер); 20 томдық (14-том, 1983, 297-306-беттер) шығармалар жинақтарында жарияланды. Мақала автордың өзекті мәселеге байланысты түйінді ойларының қорытындысы сияқты. Мұнда көркем аударма жайлы көп жылдар бойы пікір алысып, жекелеген құнды зерттеулер де туып жатқанымен, әлі күнге жүйелеген теориялық ортақ шешімдерге келе алмай жүргенімізді ескертуден бастайды. Оның басты себебі, автордың пайымдауынша, аударма жайында жазылған еңбектерде, көбінесе жеке аудармалардың кем-кетігін керсетумен ғана шектеліп, үздік аудармалардың үлгілі, өнегелі тәсіл-тәжірибелерін саралап таныта алмай отырғанымызда. Мұндай олқылықтарды болдырмау үшін аудармашы шығарма авторының тіл, ойлау дүниесіне айрықша ықтият болып, мұқият зер салып, аудармаға сол шығарманың барлық негізгі материалын жақсы біліп алып кіріседі, «шығармада суреттелетін халық тарихын зерттейді, кейіпкердің дәуірімен, ортасымен терең танысып алады». Сонымен қатар аудармашылардың және бір мықтап ескеретін мәселесі - аударылатын шығарманың ұлттық формаларының өз дәрежесінде сақталынуы, өйткені сол арқылы түпнұсқаның негізгі қасиеттері айқын көрінумен қатар, онда қалыптасқан ұлттық дәстүрлер байып, дами түседі деп біледі. «Ғылыми терминдік сөздерді қабылдаумен қабат, ұлт тілінің мумкіндіктерін байыту жолында үлкен жұмыс жүргізілуде. Бұл талап - жаңадан сөз байланыстарын жасау, бар сөздер мен ұғымдардың мағыналарын тереңдету, жаңарту, жеке сөздердің ұғымдық ауқымын кеңейту, ұлт тілдерінің сөз негіздерін пайдалана отырып, жаңадан сөз тұлғасын жасау секілді шаралар арқылы жүзеге асырылмақ» деп, аударма арқылы орыс тілінің ойлау формасы, сөз мәдениеті және бүкіл әдебиеттік өнегелері біздің халықтарымыздың тілдеріне бірте-бірте сіңісіп, қалыптаса бермекші, сол арқылы «әр халық өзінің әдебиет тілін молықтырып, өркендете түседі, сөйтіп өзінің тел-тума әдебиетінде біздің отанымыздың өміріндегі орасан ұлы қозғалыстарды кеңінен толық сипаттауға зор мүмкіндік алады». Бұл автордың саясат ыңғайына қарай икемделіп айтқан пікірі ме, жоқ өзінін сол кездегі ғылыми түсінік танымы ма, қалай болғанда да, мақалада айтылған түйінді ойы.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}