Көмірлену

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көмірлену — шымтезектің көмірге айналу процесі; жалпы алғанда диагенез (шымтезектің қоңыр көмірге айналуы) және метаморфизм (коңыр көмірдің тас көмірге, ал оның антрацитке айналуы) процестерінің жиынтығымен сипатталады. Көмірлену процесі өзінің сапасы жағынан түрліше сипатталатын көмір түрлерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін бағдарлы сатылар тізбегін қүрайды (коңыр көмірлі — ұзын жалынды — газды — қонды — кокеты — жұтанданған біріккіш — жұтаң — жартылай антрацитті және антрацитті көмірлер сатысы). Көмірлену барысында көмірге қатысты органикалық заттар бірте-бірте тығыздалады және төмен молекулалы заттардан арылып көмір массасы азаяды. Көмірлену процесімен ұштаса өтетін химиялык өзгерістерде көміртек мөлшері молайып, оттек пен ұшпа заттар мөлшері азаяды; жұтаң көмірлерге шейін бірте-бірте ұлғайған жылу бөлу қабілеті осы деңгейден кейін қайтадан төмендей бастайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub