Көмірдің қаттылығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көмірдің қаттылығы – қирау деформациясына қарсыласу қабілеті. Көмірдің қаттылығы:

  • 1) бөгде қатты денелермен (болат ине, алмас, басқа материалдар) сызған кезде қарсыласуы;
  • 2) жылтырлау орекеттеріне қарсылық (абразиялық қаттылық);
  • 3) шариктің немесе алмастың енуіне қарсылық (Виккерс әдісі) және т.б. көмір микроқұрамбөліктерінің: липоидтер (12-25 кг/мм2), гельденген (10-100 кг/мм2), фюзенденген (50-150 кг/мм2) құрамбөліктердің қаттылығы. Көмірдің қаттылығы олардың көмірлену дәрежесіне байланысты, витринит үшін: қоңыр көмірлерде (10-20 кг/мм2), ҰЖ және Г маркаларда (37-45 кг/мм2), ал Қ, К және ЖБ сатыларыңда төмеңдеп барып (33-30 кг/мм2), жұтаң көмір (47 кг/мм2) мен антрацитте (100 кг/мм2) қайта көтеріледі.

Көмірдің меншікті салмағы

Көмірдің қатты бөлшектер (қатты фаза) массасының оның көлеміне қатынасы. Көмірдің меншікті салмағы табиғи күлді және органикалық массасының (күлсіз заттың) меншікті салмағына жіктеледі. Оны пикнометриялық тәсілмен анықтайды. Көмірдің меншікті салмағы қоңыр көмір қатарында 1,4-1,5 г/см3, ал антрацитгерде 1,6-1,8 г/см3-ге дейін артып, қоңды көмір алқабында 1,25-1,27 г/см3-ден ең аз мәнге дейін төмендейді.

Көмірдің морттығы

Тұтқырлыққа кері ұғым. Ең морт көмірдің құрамында минимал мөлшерде минералдық қоспалар бар гелитолиттер. Қоңды және коксті көмірлердің жылтыр түр өзгешеліктері көбінесе морт келеді.

Көмірдің петрографиялық (петрогенегикалық) типі

Көмірлерді белгілейтін жіктемелік санат; белгілі бір макро- және микроқұрылымдармен, микроқұрамбөліктік құраммен, метаморфизмнің әр түрлі сатыда өзгеретін физикалық және химиялық қасиеттерімен сипатталады. Көмірдің петрографиялық типінің бірнешеуі көмір класын жасап, көмір жаралудың белгілі бір жағдайын білдіреді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub