Көл қонысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көл қонысы - Қостанай маңындағы неолит қонысы.

Археологиялық жұмыстар

Осы жерден неолит дәуіріне жататын заттар, әсіресе шақпақ тастардан, кварциттерден, орговиктерден, халцедоннан және қайрақтастардан істелген садақ оғының ұшы, әр түрлі қырғыштар, призмалы және қарындаш сияқты өзек тастар, кішкентай ұзынша пышақтар, дән үккіштер, саз балшықтан күйдіріліп істелген әр түрлі ыдыстардың сынықтары табылды.

Қоныс шаруашылығы

Көл тұрғындары егіншілікпен, аң аулаумен шұғылданған. <ref> Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1975 жыл, 6 том, 23 бет </ref>

Дереккөздер

<references/>