Көлгір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көлгір. Қазіргі түсінігімізде — мүләйім; жасанды қылық көрсету. «Енді ол көңілденіп, көлгір сыпайылыққа ауысты» (С. Омаров, Қиыр жол). «Ойында ештеме жоқ адамша... көлгірси қалды» (X. Есенжанов, Көп жыл.). Адамның құбылмалы, тұрақсыз мінезін көрсетуде ғана «көлгір» сөзі қолданылатыны әркімге мәлім. Осы жағдайды ойға орайластыра қарап, біздің болжауымызша, сездің пайда болуы ұқсастыру, сәйкестірумен байланысты сияқты. Мысалы, моңғол тілінде «гялгар», «гулгуур» тұлғалы сөздер біздегі «тайғанақ», «сырғанақ» мағыналарында қолданылады (Қаз.-мон. сөз., 1977, 287, 291). Осы сөздер кейбір түркі тілдеріне ауысқанда, мағынасына да езгеріс кіргендігін тува тілінен көруге болады: көгүдер — азғыру, аздыру, еріксіз қызықтыру сияқты мағыналарды ұғындырады (Рус.-тув. сл., 1980, 320). Дәл осы сияқты моңғол тіліндегі «гулгуур», «гялгар» сездері қазақ тіліне ауысып, ұқсатудан туған мағынада қолданылатын болған. «Ұқсатудан туған» деген пікірді былай түсіндіруге болады — сөзінде түрақ жоқ, қулықпен құбылып түратын адамның тайғақ мүздан несі ар- тық. Осындай реттермен жылпос жандарға «көлгір» сөзі тағылған.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}