Көкшытырша

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Көкшытырша (Үлгі:Lang-la) - екі жылдық, орамжапырақ тұқымдасы шытырша туысына жататын шөп тектес өсімдік.

Сипаты

  • Биіктігі 60 см-ге жуық.
  • Тамыры қысқа.
  • Сабағын қысқа түк басқан, түзу өседі, бұтақтары көп.
  • Жапырақтары сопақша келген, отырмалы, шеттері бүтін, төменгілерінің сағақтары бар.
  • Гүлдері ақ түсті, майда, гүл тәжі 4 гүл жапырақшасынан тұрады.
  • Жемісі сопақша, сыртын түк басқан жалпақ.
  • Тұқымдары жалпақ, қоңыр түсті.
  • Жаз бойы гүлдеп тұрады.
  • Өсетін жерлері: жолдардың шеттері, шабындықтар, егістік жерлер.

Емдік қасиеті

Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады.

  • Бұл өсімдіктен жасалған дәрілерді әйелдердің ақ етеккірі келгенде қолданып, сондай-ақ асқазан және бас ауруларын емдеу, кейде дене сыртындағы жараларды жуу үшін де пайдаланады.
  • Босанған әйелдерден қан кеткенде немесе ықылық ату көпке дейін тоқтамай қойғанда да бұл өсімдіктің шипалық қисиеті мол.
  • Жас сәбилердің іші ауырғанда да пайдаланса, өте жақсы нәтиже береді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет</ref>.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>