Көкшетау (ұлттық парк)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қорық аймақ «Көкшетау»ұлттық табиғи паркі, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен Айыртау мен Зеренді аудандарының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және демалыстық бағалы аймағында бірегей табиғи кешенді сақтау және қалпына келтіру мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.04.96 қаулысы негізінде құрылды.

Саябақтың негізгі аумағы 151,1 мың га, бұған көне қарағайлы орман, тоғайлы саяжайлар және бұрынғы Зеренді, Арықбалық, Озерный орман шаруашылықтарымен, кәсіпорындарының, Дубровский аң-орман шаруашылықтарының қайынды-көктеректі ормандары, сондай-ақ Зеренді, Имантау, Шалкар, Лобанов, Белый және суы қорғалатын аймаққа жанаса жатқан жерлері бар Байсары көлдерінің аумағы кіреді. Географиялық саябақ Солтүстік Қазақстан аумағының орман-тоғайлы үстіртінде, Көкшетау қаласынан 60 км батысында орналасқан. Саябақтың және оның қорғалатын аймағының кең аумағы (5 мың км²-ге жуық) адам мен табиғаттың ескі және қазіргі дәуірдегі дамуын бейнелейтін тарихи мұра ретінде бірегей табиғат мұражайы болып табылады.

Мұнда өсімдіктің 700 түрі, жан-жануардың 305 түрі, Қазақстанның барлық флорасы мен фаунасының 30%-на жуығы бар, сонымен бірге геологиялық, археологиялық, тарих және мәдениет ескерткіштері (бұған неолит дәуірінің Ботай мекені де кіреді), мемлекеттік қорғауда. Ұлттық саябақ аумағы жағынан үш аралас филиалға: Зеренді аймақтық бөлімшесі (орталығы - красный кордон кенті), Арықбалық АБ (Горный кенті), Шалқар АБ (Лобанов кенті) және Дубравский ұдайы өндіріс учаскесіне (Мостовой кордоны) бөлінген. Аумақтың 10%-н ірі Шалқар, Имантау, Зеренді көлдерінің жағаларына орналасқан келушілерге, туристерге қызмет көрсететін демалыс аймақтар алады. Ұлттық саябақта: "Шалқар" және "Зеренді" санаторийлерінде стационарлық (емдеу-сауықтыру), яхтада, атпен серуендеуге, спорттың тау-шаңғы түрлері, "Тұрпан", "Имантау", "Зеленый мыс", "Дубрава" демалыс базаларында қысқамерзімдік (маусымдық) демалыс тұрлері ұйымдастырылған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақстан ЕҚТА-лары

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көкшетау (ұлттық парк)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}