Көкшетау (қалалық газет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“КӨКШЕТАУ” – қалалық газет. 1930 ж. 17 қыркүйекте аудандық газет ретінде “Колхоз жолы” деген атаумен шыға бастаған. 1944 ж. 5 тамыздан "Көкшетау правдасы” деп аталып, Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық және қалалық комитетттері мен Еңбекшілер депутаттары облысы кеңесінің органы болып өзгерген. Облыстың экономикалық, әлеуметтік саладағы жетістіктерін насихаттағаны үшін үш мәрте Бүкілодақтық шығармашылық байқаудың лауреаты атанған. 1980 ж. газет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. 1990 ж. қаңтар айынан бастап “Көкшетау” деген атпен шыға бастады. 1997 ж. 3 мамырда Көкшетау облысының таратылуына байланысты газет уақытша жабылған. 1997 жылдың 1 тамызынан бастап Көкшетау қалалық қоғамдық-саяси газеті ретінде шығып тұрады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көкшетау (қалалық газет)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}