Көкшетау сыртқы округі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көкшетау сыртқы округы - Ресей империясының 1822 жылы 22 шілдедегі “Сібір қазақтары туралы Жарғысы” бойынша 1824 жылы 29 сəуірде құрылған. Округті аға сұлтан басқарды. Алғашқы аға сұлтаны болып Уәлиханұлы Ғұбайдолла (Абайділдә), қазылары атығай руынан Зілғара Байтоқаұлы және керей руынан Мүсет Жәнібекұлы сайланды. 1857 жылы Көкшетау сыртқы округында 16 болыс (майлыбалта атығай, атығай бағыш, құдайберді атығай, құрсары керей, туадан керей, балтыкөш керей, есенбақты керей, уақ керей, есенәлі керей, жаулыбай қарауыл, уақ, самай керей, қанжығалы, құлтай қыпшақ, күрлеуіт қыпшақ, бай қырғыз), 144 ауыл, 8778 үй болды. Патша үкіметінің 1868 жылы 21 қазандағы [[Орал, Торғай, Ақмола және Cемей облыстарын басқару туралы уақытша ереже|“Орал, Торғай, Ақмола және Cемей облыстарын басқару туралы уақытша ережесіне”]] сәйкес Көкшетау сыртқы округы' уезд болып, Ақмола облысының құрамына енді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көкшетау сыртқы округі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}