Көкшетау облыстық орыс драма театры

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Көкшетау облыстық орыс драма театры, Ақмола облыстық орыс драма театры – сахналық ұжым. 1977 жылы 28 қазанда Л.И.Славиннің “Интервенция” спектаклімен ашылды (режиссер Куклинский|Я.А. Куклинский]]). 2000 жылы 25 қарашадан Ақмола облыстық орыс драма театры болып аталды. Театр қазақ драматургтері Ғ.Мүсірепов (“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), С.Жүнісов (“Жапандағы жалғыз үй”), Шота Уәлиханов (“Шоқан анты”), О.Жанайдаров (“Оқжетпес”, С.Сейфулиннің “Көкшетау” поэмасы бойынша, 1994 жылы республикалық фестиваль жүлдегері), орыс әдебиетінің классиктері Ф.М. Достоевский (“Қылмыс пен жаза”), Н.В. Гоголь (“Ревизор”, “Мамыр түні”), А.П. Чехов (“Шағала”), сондай-ақ, шет ел драматургтерінің пьесаларын сахнаға шығарды. Театрдың негізін қалағандардың бірі алғашқы бас режиссер Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (1997) Куклинский болды. Театрда Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Ю.Журавлев, Г.А. Куклинская (екеуі де 1990 жылдан) және Г.Эпштейн сияқты жас актерлер өнер көрсетеді. Театрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері В.В. Тарасов. Театр ұжымы облыстық театрлардың тұңғыш республикалық фестивалінің (1984) жеңімпазы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub