Көктал (кәсіпорын)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Көктал» – ауыл шаруашылық кәсіпорын, акцион. қоғам. Талас ауданы Қызыләуіт ауылында орналасқан. Қызметінің негізгі бағыты – мал және өсімдік шаруашылығы өнімдері: асыл тұқымды қаракөл қозысы, жүн, жүгері дәні. 120,4 мың га жері бар, оның 116,2 мың га-сы жайылым, 1263 га-сы егістік. Шаруашылықта 280 адам жұмыс істейді. <ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>