Көксу каналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көксу каналы - Алматы облысының Көксу, Қаратал аудандары арқылы ағатын канал. 1939-40 ж. салынған; кейіннен бірнеше гидротехикалық құрылыстармен ұлғайтылды. Көксу өзені бойындағы Көксу темір жол станциясы тұсынан басталады.

Сипаты

Жалпы ұзындығы 103 км, оның ішінде негізгі магистралы 42 км, осыдан тарайтын 10 тармақтың ұзындығы 61 км. Канал табанының ені 5 – 10 м, беті 8 – 15 м, тереңдігі 1,2 м. Орташа су ағымы 25 м³/с. Қаратал, Ескелді би, Көксу аудандары шаруашылықтарының 20 мың га-дан астам егістігін және бау-бақшасын суғарады.

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Бастама