Көксарай су қоймасы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көксарай су қоймасы — Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында, Шардара су қоймасынан 160 километр төмен, Көксарай ауылының оңтүстігінде орналасқан су қоймасы. 2008—2011 жылдары салынған. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы елді мекендерді су алу қауіпінен қорғауға және қыс айларында Шардара СЭС да өндірілетін электр энергиясы қуатын 20-25 %-ға арттыруға ықпал ететін нысан.
Сипаттамалары
- Су қоймасының алаңы: 460 км²
- көлемі: 3 км³-ге дейін
- алғашқы толтыру жылы: 2010 жыл
- деңгейі (норма): 7,7 м