Көкирек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көкирек– Тобылғылы құмды алабы мен Азат тауының аралығындағы құдық. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы жерінде орналасқан. Тереңдігі 2 м, су шығымы 100 л/сағ. Теңіз деңгейінен 350 м биіктікте. Солтүстігінде Мереке тауы мен Бекей құдығы, оңтүстігінде Бозқұдық құдығы, Шалқаршөл қонысы жатыр. Маңында сексеуіл, жусан өседі.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>