Көкбастау (Жамбыл облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Көкбастау — ауыл, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км жерде орналасқан. Тұрғыны 1,1 мың адам. Іргесі 1950 жылы Амангелді атындағы қызылша өсіру шаруасымен айналысатын ұжымшар негізінде құрылған. Бір кездері ауыл маңында "Қарлығаш" атты бастау болған. Сол таза бұлақтан ауыл адамдары су алып тұрса, сол бастаудан аққан арықтан ауыл малдары сусындаған. 1948 жылы мұнда халық үй сала бастайды. Ел кәдесіне жараған мөлдір таза бұлақтың атымен жергілікті халық ауылдарын "Көкбастау" деп атап кеткен.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Байзақ ауданы елді мекендері