Көкбайдың мешіт-медресесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көкбайдың мешіт-медресесі, діни-білім мекемесі. Абайдың ақын шәкірті, дос-серігі Көкбай Жанатайұлының өмірі мен ақыңдық жолына байланысты материалдар жинақталған. 1997 ж. 12 қыркүйекте Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының бір бөлімі ретінде ақынның қыстау-мекені Тақырда ашылған. Тақыр Абай ауданының орталығы - Қарауылдан 22, Семей қаласынан 204 шақырым жерде. Мұражай 1901-1904 жылы Көкбай ақын салдырған мешітте орналасты. Мешіттің қасыңда 1925 жылы ақынның өзі жерленген. Экспозицияда Көкбай өміріне байланысты мұрағаттық материапдар, түрлі құжаттар, фотосуреттер, Көкше елінің тұрмыстық-этнографиялық өмірін көрсететін заттар, кітаптар орналастырылған. Сондай-ақ Әуезов бастаған абайтанушы ғалым-зерттеушілердің еңбектері де қойылған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көкбайдың мешіт-медресесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}